Абаев: Ресей көрші ғана емес, стратегиялық серіктес
Қазақстанның ресейдегі елшісі мәлімдеме жасады
Дүниежүзінде құрлықтағы ең ұзын шекарасы бар қос мемлекет әрқашан дос болуға тиіс, деп мәлімдеді Қазақстанның Ресейдегі елшісі
Қазақстан мен Ресейді берік достық пен стратегиялық әріптестік байланыстырады, деді Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Мәскеуде Республика күніне арналған салтанатты қабылдауда.
"Қазақстан үшін Ресей жай көрші ғана емес, одақтас әрі стратегиялық серіктес ел... Қазақстан мен Ресей әрқашан дос болуға тиіс", - деді Абаев.
Оның айтуынша, Қазақстанда көрші елде білім алуға деген қызығушылық жоғары – бүгінде Ресейдің жоғары оқу орындарында республиканың 60 мыңнан астам азаматы білім алып жатыр.