Қоғам

Атырауда ауруханадағы таңғы астан құрт шықты

Атыраудағы кардиология орталығы құрт қосылған ботқа берген

Емдеу мекемесінің басшылары тазалық талаптарының неліктен сақталмағанын қазір тексеріп жатырмыз деп ақталуда. Қазір мамандар құрт табылған ботқадан сынама алып, оны сараптамаға жіберіпті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме беріп.

"Бұл жерде егер жаппай зиянкестер болатын болса, ол бір науқастан ғана емес, бірнеше науқастан анықталуы керек еді. Шағымда айтылған науқастың тұтынған таңғы асындағы күріш ботқасынан сынама алынған болатын, соны ұлттық сараптама орталығына тапсырдық.Тексеру жүргізілуде",-дейді Әйгерім Мекенова, Атырау облысы кардиология орталығының эпидемиологы.