Қоғам

Полиция экс-депутат Сәния Мұратованы тауып, қамауға алынды

Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізгені үшін істі болған

Мас күйде көлік жүргізгені үшін істі болған мәслихаттың экс-депутаты Сәния Мұратова ұсталып, 15 тәулікке қамауға алынды.Бұл туралы өңірдің полиция департаменті хабарлады,дейді KYN.KZ. 

"Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 26 ​​қазандағы қаулысын орындау мақсатында Сәния Мұратова 15 тәулікке Ақтөбе қалалық полиция басқармасының арнайы қамау орнына қамалды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті өкілі.

Еске сала кетейік, 26 қазанда әкімшілік сот Ақтөбе мәслихатының бұрынғы депутаты Сәния Мұратованы мас күйінде Lexus көлігін тізгіндегені үшін кінәлі деп таныған болатын. Ол сотқа келген жоқ, сондықтан судья полицияға қамауға алу туралы бұйрықты орындауды тапсырды. Айта кетсек, осыған дейін Сәния Мұратова Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің "Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу" бабымен алты айға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Оған дейін депутаттық мандатынан айырылды.