Тағыда жарылыс: Тоқаев “АрселорМитталТеміртаумен” инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды
Президент шахтада қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, жараланғандарға ертерек сауығуды тіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
❗️Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.
❗️Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.