Шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны 33 адамға жетті
13 кенш кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны туралы жаңартылған деректерді жариялады.
"Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 33 адамның мәйіті табылды, 13 кеншіні іздеу жалғасуда", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы Қарағанды облысындағы шахталар жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаменті шахталарының жұмысы алдағы бірнеше күнге тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Компаниядағылар атап өткендей, осы уақыт ішінде газдан қорғау бойынша тексерістер жүргізіледі.
Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары жұмыс істейді.