Басты жаңалықтар
"Канело" Головкинмен алғашқы жекпе-жекте арамдық жасағаны әшкере болды
- автор kyn.kz
- 5 шілде, 2018
- 258
Өкінішке орай, төреші нашар жұмыс істеген
Boxingnews24.com журналисі Дэн Эмброуз мексикалық боксшы Сауль Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы алғашқы жекпе-жекте ережеге қайшы әрекетке барғанын еске түсірді, деп хабарлайды KYN.KZ "Головкин жекпе-жектің басында "Канелоның" арқасынан ұрғаны үшін ескерту алғаннан соң денеден ұруды тоқтатты, бұл оның қателігі болды. "Канело" Головкин денеден соққы жасаған кезде арқасын тосып, төрешіні алдап соқты. Төреші "Канелоға" денеден ұрғанда арқаңды тосуды тоқтат деп ескерту жасауы тиіс еді. "Канелоның" орнына ол Головкинге ескерту жасады. Өкінішке қарай, төреші нашар жұмыс істеді", — деп жазды автор.
Алғашқы жекпе-жек тең аяқталып, жанкүйерлер арасында дау туғызған болатын. Әсіресе 118-110 есебімен жеңісті "Канелоға" берген Аделаида Бердтің шешімі сарапшылар мен бокс фанаттарының ашуына тиді. Екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте өтеді.