Қоғам

Ақтау қаласында 80-ге жуық жасөспірім жаппай төбелес шығарған

6 бала уақытша ұстау изоляторына қамалды

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу басталып, алты жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды, дейді KYN.KZ. 

Ақпаратқа сүйенсек,  жаппай төбелестен кейін 80-ге жуық жасөспірім полицияға жеткізілді.

Оқиға орнына полиция қызметкерлерінен құралған жасақ келіп, 15 пен 18 жас аралығындағы 76 адам Ақтау қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелетке толмаған 56 баланың ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Сағат 23.00-ден кейін кәмелетке толмағандарды заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде табу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, алты жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.