Заңғар Нұртас сүйгенімен мұсылманша неке қидырды, дейді KYN.KZ.
"Рабиға анамыз "Алла некелеріңді хайырлы қылсын! Екі дүниеде де жұптарың жазылмасын! Иманды, салиқалы ұрпақтарың көп болсын. Саған қызымыз аманат" деп, батасын берді", - деп жазды Заңғар Нұртас Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары хитменнің інісіне бақыт тілеп, жылы лебіз білдірді. "Бақытты болыңыз", "Құсың құтты болсын", "Ұрпақ сүйіңдер", "Қуаныштымын", "Жастар бақытты болсын", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, күні кеше Гүлзира Айдарбекова кіші келініне құда түсіп, Шымкент өңіріне барды. Продюсер кенже ұлының сүйіктісіне сырға салды.