"Ауыл шаруашылығында қолданылатын дәрі сепкен",- вице-министр Ақтауда қандалаға қарсы дәрі шашқандар жайлы айтты
Тұрғындар дәрі нұсқаулығына қарамаған
"Ауыл шаруашылығында қолданатын дәріні сепкен". Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Ақтау қаласында пәтерде қандаланы улаудан кейін көз жұмғандар мен ауруханаға түскендерге қатысты осылай деді, дейді KYN.KZ тілшісі “Астана” телеарнасына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, қандалаға қарсы улаудың соңы қайғылы жағдайға әкелуінің бірден-бір себебі- тұрғындардың дәрі нұсқаулығына қарамағандығы. Олар “У”-дың атына да, қандай мақсатта қолдану керектігіне де мән бермеген деді.
“Бір отбасының 7 мүшесі уланып, екеуі көз жұмды. 5 азамат емделіп, ауруханадан шығарылды. Пәтер иесі “У”-ды Алматыдағы базардан сатып алған. “У”-дың не атын білмейді, оның нұсқаулығына да қарамаған. Олар ешкімге айтпай оны үйде пайдаланып, өздері кетіп қалған”,- дейді Айжан Есмағамбетова, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.