Қоғам

Дәулет Тұрлыхановтың әнші інісі Рахатта әйелін ұрып, мәселе сотта қаралды

Іс сотқа жеткенімен, кінәлі жазаланбады

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың Рахат есімді інісі әйелін ұрғаны туралы ақпарат пайда болды. Оқиға қазан айында болған, іске полиция араласып, іс сотқа жеткенімен, кінәлі жазаланбады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылғаны хабарланды.

Сот оған қатысты іс жүргізуді тоқтату және әкімшілік жауапкершіліктен босату туралы шешім қабылдады.

Рахат Тұрлыханов – қазақстандық орындаушы, продюсер. Ол бұған дейін Лондондағы дипмиссияның үшінші хатшысы болып жұмыс істеген. 

Рахат Тұрлыханов жол қозғалысы ережелерін бұзғаны және автокөлікті дұрыс қоймағаны үшін айыппұлдар саны бойынша қазақстандық дипломаттар арасында “рекорд” орнатқан.