Мәдениет

"Менде бәрі жақсы": Гүлзира Айдарбекованың бұрынғы келіні өзі үшін алаңдағандарға жауап берді

Жібек Қайратқызы Instagram парақшасында видео үндеу жолдаған

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың бұрынғы келіні Жібек Қайратқызы желіде видео жариялап, өзі үшін алаңдаған көпшілікке жағдайын айттты, деп жазады KYN.KZ.

Заңғар Нұртастың бұрынғы әйелі Жібек Қайратқызы Instagram парақшасында оқырмандарына видео үндеу жолдаған. Ол өзі үшін алаңдаған жандарға жоқ болып кетуінің себебін түсіндіріп, жағдайымен бөліскен.

"Қалдарыңыз қалай? Көбісі мені жоғалтып алыпты. Арнайы сіздер үшін байланысқа шығып жатырмын. Менде бәрі жақсы, тамаша. Бірақ, соңғы үш-төрт күн қарбалас болып кетті. Тіпті басымды жуып үлгермедім. Оның үстіне достарымыз ұшып келген еді. Енді міне менде ұшқалы жатырмын. Осы қарбаласта желіге шығуға уақыт та болмады.

Оған қоса, демалыс күндері елімізде қаралы күн болды. Ол кезде контент жасағым да келмеді. Қазір жұмыстарыммен қалаға шықтым. Бәрін үлгеремін деген ойдамын. Баршаңызға жақсы күн тіледім", - деді Жібек.