"Төрт жыл соңымнан қалмады": Мадина Сәдуақасова күйеуімен қалай танысқанын айтты
Олжас Смағұловқа Мадина Сәдуақасоваға ұнау оңай болмаған екен
Өнер иесі сүйіктісімен отандық бағдарламада танысқан, деп хабарлайды
KYN.KZ тілшісі "Төрлетіңіз" бағдарламасына сілтеме беріп.
Алайда Мадина Сәдуақасованың жүрегін жаулау оңайға соқпаған. Олжас Смағұлов оны өзіне қарату үшін төрт жыл тер төккен. "Биыл ән салып жүргеніме 26 жыл болады екен. Өнер саласының арқасында өмірлік жарымды да кездестірдім. Біз "Таң қалмаңыз" деп аталатын үлкен бағдарламада табыстық. Мен бағдарламада жүргізуші болдым. Олжас режиссер болды. Жігіт сол бағдарламада мені көріп, ұсыныс жасады. Бірақ, төрт жыл соңымнан қалмады. Ұсыныс тура менің туған күнімде сегізінші қыркүйекте жасалды. Ал үйлену тойымыз қыстың қысында Ожастың туған күнінде екінші ақпанда өтті", - деді әнші "Төрлетіңіз" бағдарламасына
берген сұхбатында.