Мәдениет
Дубайға көшкен Әсел Сәдуақасованы халық “сатқынсың” деп сөгіп тастады
- kyn.kz
- 2 қараша, 2023
- 1.7k
Актриса күйеуімен бірге шетелге қоныс аударды
Өнер иесі жақында қиындыққа толы тұрмыстағы өмірін айтып, ашық сұхбат берді, деп хабарлайды KYN.KZ.
“Бұл шешімді күйеуім Мағжан екеуіміз ортақ қабылдадық. Көктемде Балида тұрған едік. Сол кезде шетелде тұру туралы ой келді. Енді күзде Дубайға қоныс аударып жатырмыз. Бұл сәтті ұзақ күттім. Бақыттымын. Жолдасым Қазақстанда қалып, шаруаларын реттейді, ал мен Дубайдағы үйімізде оны күтетін боламын”, – деп жазды.
Тосын жаңалықты естіген актрисаның оқырмандары сөгіп тастады. “Осындай сатқындардың сөзін құрту керек”, “Қазақтың ақшасын жинап алып, енді лақтырып кетті”, “Сол жақта апат болса елге қашасың” деген секілді жағымсыз пікір жазып жатқандардың қарасы көп.