Қоғам

Әлия Назарбаеваның үй қызметшісі 920 миллион теңге шығынды өтеп берді

Шынар Мұқтарованың ісі қаралуда

Астанада «Оператор РОП» ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтарованың ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ. 

Сотта айыпталушының адвокаттары Шынар Мұқтарова 920 миллион 534 мың теңге көлеміндегі барлық шығынды өтегенін хабарлады.

«Алдымен зиянды өтеуіміз керек деп айтылды. Біз бұл залалды тек Мұқтарованың мүддесі үшін ғана емес, сонымен қатар Коротенконың қарызын да өтедік. Оны Мұқтарованың қызы өтеді. Залалдың өтелуіне байланысты біз мәміле жасау туралы қайта өтініш білдіреміз», - деді оның адвокаты.

Адвокаттардың айтуынша, Мұқтарова бұл ақшаны дивиденд ретінде алған және оның заңдылығына сенген.

Еске салайық, халықаралық іздеуде жүрген «Оператор РОП» ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы Мұқтарованы шілде айында Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталып, Қазақстанға экстрадициялаған еді. 

Депутат Ерлан Сайыров қыркүйек айында куәгерлер Әлия Назарбаеваны "Оператор РОП"-тың соңғы бенефициары ретінде көрсеткенін айтқан еді.