Жәния Джуринская шетелден бала күтуші жалдап, жұрттың сынына қалды
Актриса жуырда екінші сәбиін дүниеге әкелмек
Актриса Instagram парақшасында бала күтушіге айына 900 доллар төлейтінін айтты,деп хабарлайды KYN.KZ.
“Біз бала күтушісін іздеу үшін және оның шетелдік құжаты мен ұшып келуі үшін агенттікке 2 млн теңге шамасында төледік. Ал ай сайынғы жалақысы 900 доллар", - деп бөлісті Джуринская. Ал осы жазбасынан кейін актрисаны оқырмандары сынға алған. "Құтырған екенсің", "Тым қымбат", "Қазақстанда қазақ табылмады ма?", "Осы жақтан іздеген оңай емес пе?", - деп пікір білдірді.
Актриса Джуринская осы жағдайға байланысты желіде пікір білдірді. "Мені біреулер "құтырған" дейді. Біреулер "Керемет. Балаңыз ағылшын тілінде сөйлейді" дейді. Мен үшін бұл қалыпты жағдай. Филиппиндік бала күтушінің алдында менің екі бала қарайтын көмекшім болды. Одан бөлек тағы үй жинайтын көмекшім болды. Бала күтушінің жалақысын естіп, мені сөгіп жатқандар бар.Үш адамның орнына бір адам жалдау мен үшін 50 мың теңгеге ғана қымбатқа шықты. Мен осылай өмірімді жеңілдеттім", - деді Жәния Джуринская.