Қоғам

17 кеншінің отбасына мемлекеттен арнайы жәрдемақы бөлінді

Берілетін көмектің көлемі 37 мыңнан 111 мың теңгеге дейін белгіленеді

Костенко шахтасында опат болған 17 кеншінің отбасына мемлекеттен арнайы жәрдемақы тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Қайтыс болған 46 кеншінің 21-нің артында әлеуметтік жәрдемақыға мұқтаж жақындары бар екен.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің мәліметінше, әзірге 17 кеншінің отбасына арнайы жәрдемақы тағайындалды. Асыраушысынан айырылғандарға мемлекеттік бюджеттен берілетін көмектің көлемі 37 мыңнан 111 мың теңгеге дейін белгіленеді. Бұл жәрдемақыны 8 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған, жұмыс істемейтін кеншінің жесірі де алады. Екінші төлем мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен болады. Кеншінің осыған дейін алып келген жалақы мөлшерімен есептеліп, 56 мыңнан 272 мың теңгеге дейін төленбек. Аталған жәрдемақы қаза болған кеншілердің балалары 18 жасқа толғанша беріледі. Ал бала жоғарғы оқу орнында күндізгі бөлімге түссе, 23 жасқа дейін ай сайын төленеді.