Қоғам

Демалыс күндері 15 градусқа дейін аяз күтілуде

Синоптиктер 4-6 қарашаның ауа райы болжамын берді

Олардың болжамынша, алдағы күндері елімізде күн суытады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі “Қаргидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы атлантикалық циклон өтеді. Осыған байланысты республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Ал 4 қарашада күндізгі уақыттан бастап жауын-шашынның біртіндеп тоқтап, температураның төмендеуі күтіледі. Мәселен, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде ауа температурасы -3...-15 градусқа дейін төмендесе, күндіз -3...+8 градус шамасында болады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -2...+5 градус, таулы аймақтарда түнде -5...-10 градус, күндіз -5...+15 градус аралығында болады. Республика бойына түнде және таңертең уақыттарда тұман күтіледі.