Әнші Серікбол Сайлаубек әйелімен не себепті ажырасқанын айтты
Әншінің ажырасқанына 4-5 жыл болған
Әнші Серікбол Сайлаубек жақында жұбайымен отбасылық құпиясын бөліскен болатын. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында әйелімен ажырасып кету себебін түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Көзім екінші топқа өтті. Кейбір кезде тойға барғанда танымай, өтіп кетемін. Сондай сәтте ол кісіге мені түсінуі керек пе еді? Мен сондай жағдайда арпалысып жүргенде неге бір жағыма шықпады? Ол кезде ешкімнің көңіліне қарайтын жағдайда болмадым. Айттым, енді ол кісі өзі көреді. Өмір мұнымен тоқтаған жоқ. Ең бастысы, басымыз аман, деніміз сау. Білмеймін ғой не себеп болғанын? Мен ұрысатын азамат емеспін. Бір бәле бастайтын адам емеспін. Ер адамға не керек? Тамағың бар, киімің таза болса, басқа ештеңе керек емес қой. Жағдайын жасадық, бәрі толық. Мен ол кісіні кінәлай да алмаймын. Мүмкін, кінә өзімде де бар шығар. Мен білмедім ғой. Отадан кейін көзім нашарламай, жақсы болып кетсе, әрекетім басқаша болар ма еді? Мен өз-өзіме енді келіп жатырмын. Өзіме мотивация беріп жүрмін. Ол енді сынақ қой. Көтере алатын болғасын, Алла сондай сынақ берген шығар", - деді жан сырын ақтарған әнші. Айта кетейік, осыған дейін Серікбол Сайлаубек әйелімен ажырасып кеткеніне 4-5 жылдың жүзі болғанын да айтты.