Қостанайда полицейге әйелін өлтірді деген айып тағылды
Марқұм әйелде құқық қорғау органдарында жұмыс істеген
Қостанай облысында полиция қызметкері әйелін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Облыстық полиция департаментінің айтуынша, марқұм әйел де құқық қорғау органдарында жұмыс істеген.
«Әйелдің денесі 1 қараша күні таңертең өз үйінің ауласынан табылды. Оны өлтірді деген күдікке полицейдің жұбайы ілініп отыр. Ерлі-зайыпты ажырасатын уақытты күтіп жүрген»,—деді басқарманың баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.