Заңғар Нұртастың бұрынғы әйелі Жібек қазір немен айналысып жүргенін айтты
Қазір ол психология саласымен айналысып жүр
Заңғар Нұртастың бірінші әйелі Жібек Қайратқызы өзін іздеп жатқан оқырмандарына алғыс білдіріп, өзіндегі соңғы жаңалықтарын бөлісті деп хабарлайды KYN.KZ.
Тұрмыста болған кезде Алматы қаласында тұрған ол бүгінде елордаға түбегейлі қоныс аударған.
“Кешеден бері мені уайымдап, іздеп жатқан оқырмандарыма рахмет. Менде бәрі жақсы. Соңғы күндері тіпті жұмыс көбейді. Бас жууға үлгермей жүрмін. Жан-жақтан достарым келіп жатыр. Өзім де жақында жол жүремін. Сондықтан мені тағы да жоғалтып алуларыңыз мүмкін”, – деп оқырмандарын алаңдатып қойды.
Оның сөзіне сүйенсек, қазір ол психология саласымен айналысып, қыз-келіншектерге жан мен тән туралы тренинг өткізіп жүр.
“Күн сайын қатысушыларымнан кері байланыс аламын. Олардың өмірлерінің жақсаруына себепкер болғаныма қуанамын”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, Заңғар мен Жібектің махаббаты ел аузында әлі күнге дейін талқыланатыны жасырын емес. Екеуінің ажырасуын бірінші болып ресми растаған Заңғардың анасы Гүлзира Айдарбекова болатын.
"Неге бәріңіз қоймайсыздар? Заңғар мен Жібек ажырасты. Менің түк қатысым жоқ. Дәм-тұздары жараспады. Заңғар да жақсы, Жібек те жақсы. Үйленгенімен, бірге тұра алмады. Екеуінің ортасында бала болғанда қандай жолмен болса да Жібекті алып қалушы едім. Орталарында бала болмады. Жібектің әлемі басқа. Басқаша көзқараста өмір сүретін адам. Біздің отбасының көзқарасымен үйлеспеді. Бөлек кету – екеуінің ортақ шешімі", – деп бар шындықты жайып салды.
Еске салсақ, осыған дейін Заңғар Нұртастың екінші мәрте шаңырақ көтергенін жазған болатынбыз.