Қоғам

6 қарашаға қараған түні Солтүстік Қазақстанда "теріскей шұғыласы” көрінді

Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облысында көрініс тапты

Теріскей шұғыласы атанып кеткен сұлу табиғи құбылыстың суреттерін әлеуметтік желілердегі пабликтер мен парақшалар жариялап жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ.

Мысалы CKOpetro Telegram арнасы жариялаған суреттерде Мәмлүт ауданындағы көрініс бейнеленген. Петропавловск.news басылымының мәліметінше, аспандағы түрлі-түсті жарық аномалиясы кейбір жерде әрең байқалса, ал кейбір жерлерде өте айқын көрінген.

Бұл табиғат құбылысын солтүстікқазақстандықтардың көпшілігі тек фотосуреттерден көре алды, өйткені Қазақстан үшін Теріскей шұғыласы іс жүзінде керемет құбылыс.

Басылым тілшісі бұл құбылысты Мағжан Жұмабаев ауданындағы Советское ауылында өз көзімен көргенін айтады. 

Астрофизикалық зертханалардың мәліметі бойынша, 5 қарашада кешке күшті магниттік дауыл тіркелген, оның нәтижесінен туған табиғи құбылыс жердің солтүстік жарты шарының едәуір бөлігінде байқалған.

"ҚазАқпарат" басылымы Теріскей шұғыласын Қостанай облысының тұрғындары да байқағанын хабарлады.

Атап айтқанда, таңғалдыратын құбылыс Лисаков, Қостанай, Әулиекөл, Сарыкөл, Ұзынкөл, Жітіқара, Федоров және Меңдіқара аудандарында түсірілген – онда түнгі аспан қызыл-жасыл градиентке боялған.

Айта кетейік, Теріскей шұғыласы - атмосфералық оптикалық құбылыс, ғаламшардың магнитосферасының Күн желінің қуатталған бөлшектерімен өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болатын жоғарғы атмосфераларының жарқырауы (люминесценция).