«Жүрегіне қайшы тыққан». Алматы облысында полиция қызметкері суицид жасады
Мерт болған азаматтың отбасылық қарым-қатынастарда жеке проблемалары болған
Алматы облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол салған. Бұл туралы аймақтық полиция департаменті мәлімдеді, дем хабарлайды KYN.KZ порталы.
Ақпаратқа сәйкес, Балқаш ауданында пәтерлердің бірінде 31 жастағы полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл факт Қылмыстық кодекстің "Суицидке жеткізу" бабы бойынша дереу тіркелді.
Сондай-ақ, полиция өзінің жүрегіне қайшы тыққан делінеді.
Қазір құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайларын толық тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындап, қажетті тергеу амалдарын жүргізуде. Облыстық полиция бастығы тергеу барысын жеке бақылауға алды.