“Жаңа театр ашқым келеді”: актриса Дариға Бадықова өз арманымен бөлісті
Театр ашу идеясы Еуропадан басталған
“Келінжан” сериалындағы Айсара рөлімен танымал болған актриса Дариға Бадықова өзінің ерекше бір арманымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ.
“Динамен дұрыс” бағдарламасында актрисаның жаңа театр ашуы туралы сөз қозғалды.
“Бұрын театр ашу арманым депсіз бір сұхбатыңызда. Әлі де өзгермеді ме ол арман?” деп жүргізуші сауал тастады.
“Әлі өзгермеді. Төрт бөлмелі пәтердің ішінде болатын. Ондай тетарлар Еуропада дамыған. Сондай театрды қалаймын. Көрермен кейіпкер болып жүре береді. Еуропада сондай спектаклді көргем. Содан кейін өзімнің есімді жинай алмай қалдым. Ол актриса әлі менің көз алдымда. Сағынамын сол актрисаны. Мария Нойман деген Германияның актрисасы. Сол актриса 3 бөлмелі пәтерде спектакл берді. Мен сондай пәтерден театр ашқым келеді”,-деді актриса Дина Төлепбергенге берген сұхбатында.