Саясат

9 қарашада Владимир Путин Елордаға келеді

Бұл туралы Ақорда Telegam-дағы ресми арнасында хабарланды

"Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды KYN.KZ.

Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады", - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, Владимир Путин соңғы рет Астанаға былтыр қазан айында келген болатын. Ол кезде Ресей президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне, сонымен қатар, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысқан еді.