Қытайдан арзан тауар әкеледі деп алданғандар жаппай арыз беруде
Олар 40 миллионға дейін тапсырыс берген, бірақ не тауар, не ақшаны қайтармаған
Арзан тауар аламыз деп алданды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Алматыда бір топ әйел Қытайдан тұрмыстық техника мен жиһазды төмен бағада әкеліп беремін деген келіншекке сеніп алданып қалған. Оған алдын ала миллиондаған қаражат та құйған. Енді алты айдың ішінде келуге тиіс заттар жылға жуық уақыт өтсе де, қолына әлі тимепті.Ал тапсырыс пен ақшаны қабылдаған келіншектің өзі ұшты Өкүйлі жоғалған. Тауарын күтіп шаршаған жұрт қыруар қаржыны қайтарсын деп, жаппай полицияға арыз жазып жатыр. Ботагөз Қасенова Қытай зауыттарынан арзан бағада тауар әкелемін деген жарнамаға қызыққандардың бірі. Келіншек осыдан тоғыз ай бұрын мссенжердегі топқа тіркеліп, тұрмыстық техниканың түр-түріне тапсырыс берген. Ақшасын да сол мезетте төлеп отырыпты. Одан бөлек, кеден бекетінен өткізу мен осындағы қойманың жалға алу ақысының да қаражатын өздері көтеріп алған.
“Тұрмыстық техника, ыдысаяқ, жиһаз және тағы басқа ұсақ-түйектерге тапсырыс бердік. Уақытында әкеліп беремін деген сөзіне сеніп, біз де клиенттерге саудалай бастадық.Біз алаяққа алданып, өзге сатып алушыларға құр сурет сатқан болып тұрмыз. Тоғыз ай өтті, не тауар, не ақшаны қайтарған жоқ. Мен 40 миллионға тапсырыс берген болатынмын”,-дейді Ботагөз Қасенова.
Ботагөз сынды Альбина Асылбековаға алғандардың саны бүгінде 500-ге жуықтайды. Тауарды онлайн таңдап, ақшаны алдын ала аударған келіншектер бір ғана Алматыда емес, еліміздің түкпір-түкпірінен тіркелген екен.
“ 26 шілдеде Альбинаның көмекшісі Әлия есімді қыз хабарласып, тапсырыс берген көрпемді алып кету керегін айтты. Екі күннен соң күйеуім екеуміз Қарағандыдан жеттік. Сөйтсем көрпенің қабы мен мақтаны ұстатып, мынаны тігу керек дейді. Қытайдан дайын болып келуі керек дүниені өзімізге жасаңдар дегеніне аңтаң болдым. Тапсырыс берген тауарымды алу керек болғасын, сонда қалып тіктім. Бірақ артынша қуып жіберіп, қолыма бірдебір көрпені ұстатпады”,-дейді Ұлту Ізтілеуова.
Мәселен, 200-250 мың тұратын тоңазтқыштарды ватсаптағы топта 50-70 мың теңге деп көрсеткен. Ал 150 мыңдық ыдыс-аяқтар небәрі 25-30 мыңнан саудаланған. Осылайша ақшаға қарық боламыз дегендер тіпті таныстарына да жаппай тарата бастаған. Ақыр аяғында не ақша, не тауар жоқ, көбі клиенттеріне қыруар қаражат қарыз болған.
“Қоймаға екі елдің арасында тауар таситын адамды іздеп барғанымызда, ол әйел жағама жармаса кетті. Ол жердегі алты адамның екеуі келіншек. Жанымда күйеуім барына қарамастан, мені жұлып жеуге тырысып, ешқандай тауар жоқ екенін, енді келмеуім керегін айтты. Әрең дегенде сытылып шығып, полиция шақырдым. Бірақ олар қашып үлгерді”,-дейді Лейла Барьял.