Мәдениет

Желідегі ашық образымен Жарқынай Ханайым қызу талқыға түсті

Аша Матайдың бұрынғы жеңгесі жаңа бейнебаян таспалауда екен

Жарқынай Ханайым жеке өміріндегі өзгерістерден кейін шығармашылыққа кірісіп кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ. 

Өнер иесі бүгінде "Түн-ай" атты жаңа туындысын жарыққа шығарып, бейнебаянның түсірілімін бастапты Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады.

Алайда шоу-бизнес жұлдызының клиптегі образы кейбір желі қолданушылардың көңілінен шыға қоймаған. Әнші бейнебаянға ашық образ таңдаған.

"Масқара, сізден мұндайды күтпедік", "Ел алдында жүрген адамды осындай халде көрген біртүрлі екен. Артыңыздан еріп келе жатқан қыздарға не тәрбие бересіз?", - деп жазуда оқырмандар.

Дегенмен әртістің образына тәнті болған жандар да табылды. Олар Жарқынайдың мінсіз мүсінді ару екенін жазуда.

"Жаза берсін. Сізге бәрі жарасымды", "Ерсі ештеңе көріп тұрған жоқпын. Өзіне жарасып-ақ тұр", "Мінсіз мүсінді ару" , "Керемет, мына образы мықты шығыпты", "Қазақтың Николь Шерзингері", "Баласы бар ана деп кім айтады?", - деп жазды олар.