Қоғам

“Ауылдан келіп қалаға өзі жетістікке жеткен жігітке күйеуге тию керек”: Психолог қандай жігітке тұрмысқа шығу керектігін айтты

Оның сөзінше ауылдың баласы әйелді бақытты әрі бай қыла алады дейді

Қандай жігітке тұрмысқа шығу керек деген сауалға психолог Айсұлу ханым әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ.

“Ауылдан келіп қалаға өзі жетістікке жеткен жігітке күйеуге тию керек. Өйткені, оған наследствоға қалған байлық болатын болса, ерте ме кешпе оның бәрін ол жоғалтатын болады. Ал егер еңбек етіп, жетістікке жететін болса, ауылдың баласы сені міндетті түрде жетістікке жеткізеді. Сен өте бай, бақуатты, бақытты әйел боласың”,-деді психолог.

Ал, осы жазбасына оқырмандар "Өте дұрыс" деп жатса, кейбіреуі "Ауылдың да ауылы болады, санасына қарай" деген секілді пікірлер жазды.