Мәдениет

Дариға Бадықова марқұм әкесінің ерекше мінезін айтып, көзіне жас алды

Бадықова әкесі қайтыс болған күні түсірілім алаңында жүрген. Сол күні қайтып, келесі күні түсірілімді қайта жалғастыруға мәжбүр болыпты.

Актриса Дариға Бадықова өміріндегі қиын кезеңді еске алып, әкесінің өлімі жайлы айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Жан жарасы жазылмаған актриса әкесі жайлы сырын Дина Төлепбергенге берген сұхбатында ақтарды. Бадықова өзінің "Таптым-ау сені" фильмін марқұм әкесі мен ұстазы Болат Атабаевқа арнаған.

 "Бұл фильмді сондай мақсатта түсірдім. Әкеме және ұстазыма арнадым. Құдайға қатты сенемін. Көретіндеріне де сенемін. Әкемді қатты сағынудамын. Басына бармай кеттім. Жұмыс деп кеттім. Бірақ, осы екі кісі өмірімдегі басты кісілер болып саналады. Әкемнің бейнесі әлі көз алдымды. Ауылға барғанда, көшеге кіргенде бізді күтіп, үстелінде отыратын. Біз барғанда міндетті түрде қой соятын. Әкемнің өмірден өткені маған қатты әсер етеді.

Қатты қиналғанда жанымда болмағаны қынжылтады. Сондай кездерде әкемнің жоқтығы қатты білінеді. Әкемнің өмірден өткені мен үшін ауыр соққы болды. Мен күтпедім. Жүрегі тоқтап қалды. Әкемнің жақсы адам екенін білдім. Ақ өліммен кетті. Құдай жанын қинамады. Ұстазым да әкем сияқты. Ол өнерге қызмет етуді үйретті. Ал әкем руына қызмет етуді үйретті", - деп жан сырын ақтарды актриса.