Мамандар жақында ғана көрініс тапқан полярлық шұғылаға анықтама берді
- kyn.kz
- 8 қараша, 2023
- 627
Осылай деген мамандар кеше ғана еліміздің солтүстігінде көрініс тапқан құбылысқа қатысты физикалық анықтама берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. Түнгі уақытта түрлі түске боялған аспан — ғарыштан келетін жоғары қуатты зарядталған бөлшектердің, атомдар мен молекулалармен әрекеттесуі әсерінен пайда болады екен. Жексенбіден дүйсенбіге ауған түні төңкерілген түнгі аспан бірнеше минут бойы түрлі-түске малынып тұрды. 15 минут бойы аспан көздің жауын алардай алқызыл, сары және жасыл түстерге боялған. Ерекше құбылысты Ақмола, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары байқады. Көбісі таң-тамаша болғанымен, енді бірі «ақырзаманның белгісі» деген болжам жасапты. Алайда мамандар шұғыланы ғарыштағы магнит дауылдың қатты болғанымен байланыстырып отыр. Әсіресе ең көп көрінетін жасыл-сары түсті шұғыла оттегі мен Күн молекулаларының өзара әрекеттесуінен жерден 240 шақырым биіктікте пайда болады. Егер Күн молекулалары азотпен өзара әрекеттессе, қызыл немесе көк түс пайда болады дейді.
“Күндегі белсенді құбылыстар ғарыш кеңістігінде бөлініп, планетааралық күн материясының, яғни плазмасының көп мөлшерінің таралуына әкелді. Жердің магнитосферасы бұзылса, онда бұл бөлшектер осылайша әртүрлі түрге енеді. Шұғыла зерттеу, біріншіден, Жерге жақын ғарыш кеңістігіндегі процестер туралы ақпарат жинауға, екіншіден, оптикалық сәуле шығарулары бойынша ғарыш бөлшектерінің ионосфераға әсерін анықтауға мүмкіндік береді”,-дейді Ольга Крякунова, Ионосфера институтының ғарыш ауа райын диагностикалау және болжау зертханасының жетекшісі.