Қоғам

«Сіздің полицияңыз» шарасында жұрт бар шындықты айтып жатыр

Учаскелік инспекторлар қаланы ғана емес, ауылдарды да аралап тұрғындармен кездесіп жүр

Тәртіп сақшылары әр үйдің есігін қағып, халықтың жай‑күйін білмекші, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. Бұл шара тұрғындарға да ұнаған сияқты. Полицияға ағынан жарылып, бар шындықты жайып салуда.

“Қызым ішімдік ішкенде, инпекторымыз Ерлан оның құжаттарын реттеп, ауруханаға емдеуге жатқызды. Менің немереммен қатар оқыған. Оны басқаларға үлгі тұтамын. Полиция сондай болу керек”,-дейді Екатерина Зеленова.

Петропавлдағы ең қылмысы көп аудан саналатын Рабочий кентінің инспекторы — Ерлан Нөгербеков. Оның айтуынша, осы ауданда маскүнемдер де, түрмеден босап шыққандар да көп екен. Отбасылық кикілжің де жиі орын алатындықтан, тәртіп сақшысы әртүрлі жағдаймен кездесуіме тура келеді дейді. Ал көрші үйдегі Игорь Сұлтанов отбасымды осы инспектордың көмегімен сақтап қалдым дейді.