Денсаулық

Жамбыл облысында бір мектептің 33 оқушысы мен екі мұғалімі астан уланып қалды

Дәрігерлердің хабарлауынша, науқастардың жағдайы орташа

7 қараша күні сағат 23.00-де ауруханаға 46 адам түскен, деп хабарлайды KYN.KZ. Оның екеуі мұғалім, 44-і бала.

«Біз жалпы педиатрдан және учаскелік медбикеден тұратын 16 мобильді топ ұйымдастырып, бір күн бұрын мектеп асханасына келген қалған оқушыларды 205 үйме-үй аралап, тексердік. Балалардың жағдайы қалыпты деп бағаланып, шағымдары мен белгілері жоқ», - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Гимназия асханасындағы тамаққа жауапты жеке кәсіпкер Тоқсейітовтің қызметі уақытша тоқтатылған. Қазір мектеп қоршалып, мамандар бактериологиялық зерттеу жүргізіп жатыр.