Путин Елордаға ресми сапармен келді
Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Ресей Президентін әуежайда қарсы алды
Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды KYN.KZ.
Келіссөз шағын және кеңейтілген құрамда өтеді. Сапар қорытындысы бойынша Путин мен Тоқаев БАҚ өкілдері үшін сөз сөйлейді.
Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.