Қоғам

"9-20-25": Отбасы банкі жаңа ипотекалық бағдарлама дайындап жатыр

Бұл 9% мөлшерлеме, 20% бастапқы жарна және 25 жыл мерзімі бар ипотекалық бағдарлама

"9-20-25" бағдарламасы – бұл тұрғын үй бағдарламасының ықтимал нұсқасы, деп хабарлайды KYN.KZ.

Банк сарапшылары тиісті есептеулер жүргізіп, шарттарды талдайды. Егер жоба бекітілсе, Отбасы банкі қазақстандықтарды қосымша хабардар етіп, толық ақпарат береді", – дейді банк өкілдері.

Отбасы банкінде қазақстандықтарға қолжетімді жағдайда тұрғын үй сатып алуға көмектесетін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асырып жатқаны айтылды.

"Жыл басынан бері банк 52672 қазақстандық отбасыға қоныс тойын тойлауға көмектесті. Тағы 2,7 млн қазақстандық болашақта пәтер немесе үй сатып алу үшін банктегі депозиттерге ақша жинайды", - деді банктегілер.

Сондай-ақ банк тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "9-20-25" бағдарламасы жергілікті әкімдіктердің кезекте тұрғандарына жеңіл шарттармен тұрғын үй сатып алуға көмектеседі. Өңірлік бағдарламалар шеңберінде банк жастарды (35 жасқа дейін) тұрғын үй сатып алуда қолдайды.

Осы жылдан бастап банк "Дипломмен ауылға" бағдарламасының операторы болады. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен маманы, сондай-ақ ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда) жұмыс істейтін ауылында үй сатып ала алады.

"7-20-25"
Еске сала кетейік, Қазақстанда "7-20-25" мемлекеттік ипотекасы танымал. Ол 2018 жылы 1 трлн теңге бюджетпен іске қосылған болатын. Бұл бағдарлама жабылуы тиіс болған, бірақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны ұзартуды тапсырды.
Бұл бағдарлама жұмыс істейтін азаматтарды 20%-тен бастап алғашқы жарнамен жылдық 7% жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша ипотекамен қамтамасыз етуге арналған.
Биылдан бастап бұл бағдарламаға тоқсан сайын 100 миллиард теңгеден бөлуге шешім қабылданды. Бірақ лимит тез таусылып қалып жатыр. Соған қарамастан Ұлттық банк өз шешімін өзгертпейді.