Мәдениет

Танымал әнші Роза Рымбаева сахнада ән айтып тұрып, шалқасынан құлаған

Әнші сахнада қатты құлаған кезін еске алды

Бұл жайлы өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ.

 "Мен сахнада құлағанмын. Сахнада неше түрлі техника көп тұрады. Ән айтып, артқа қарай жүргенмін. Артымда тұрған қорапты байқамай қаламын. Сөйтіп, сальто жасадым ғой. Сол сальто жасағанымды Мақпал залда отырып көрген", - деп еске алды Роза Рымбаева.

Ал осы оқиғаның қалай болғанын музыкант Мұрат Бисенғалиев баяндап берді. 

"Роза Қуанышқызы ортада билеп, ән айтып жүрді. Артында тұрған мониторды байқамай қалды. Қатты сүрінді де, шалқасынан аунап түсті. Бір жерін сындырды ма деп шошып кеттім. Атып тұрып, "Мұндай ханның қызында да болады" деді. Бүкіл зал жүрегін ұстап, шошып кетті. Роза ханым бір сөзімен ештеңе болмағандай концертті жалғастырды", - деді музыкант.