Мәдениет
Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаева мемлекет басшысының алдында ұятқа қалған кездерін еске алды
- kyn.kz
- 10 қараша, 2023
- 2.6k
Әншілер президент алдында өнер көрсетіп, өлеңнің сөзін ұмытып қалған екен
Бұл туралы Керменбаев пен Бақаева Instagram желісінде айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Ол кезде продюсермен жұмыс істейміз. "Алматы концерт" ұжымымының ұйымдастыруымен бірнеше эстрада жұлдызы президенттің алдында өнер көрсету керек болады. Астанаға ұшып бардық.
Президенттің жақсы көретін әндерін "Арнау" тобы болып орындау керек болдық. Біз ол әндерді білмейміз. "Ақтамақ" пен "Әпитөк" деген әндер болған. Түнімен сөзін жаттадық. Ұшақта ұшып бара жатып, сөзін әлі жаттап отырмыз. Барып өз әндерімізді айттық. Сосын жанағы әндерге келгенде сөзін ақыры ұмытып қалдық.
Әнді басынан соңына дейін "на-на" деп айтып шықтық. Содан кейін "Арнау" болып президенттің алдына бармадық қой", - деді Нұржан Керменбаев.