Атыраудың экс-әкімі Қайрат Оразбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды
Оған жер телімдерін заңсыз бөлді деген айып тағылып отыр
9 қарашада жер телімдерін заңсыз бөлуге қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында Атыраудың экс-әкімі Қайрат Оразбаев ұсталған болатын. Бүгін ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Атырау қаласы мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 11 қарашадағы қаулысы бойынша Оразбаевқа қатысты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалған.
Еске салсақ, 9 қарашада жер телімдерін заңсыз бөлуге қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.
"9 қарашада Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен Атырау қаласының экс-әкімі Оразбаев ұсталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген Атырау облысы прокуратурасының хабарламасында.