«Қазспецэкспорт» басшысы 2 айға қамауға алынды
Оның ұсталғаны 10 қарашада белгілі болды
«Қазспецэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Арман Рамазанов 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ.
«2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Рамазанов А-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген Астана сотының хабарламасында.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етуге жатпайды.
Рамазановтың ұсталғаны 10 қарашада белгілі болды.
Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, «Қазспецэкспорт» РМК лауазымды тұлғалары мен олар бақылайтын заңды тұлғалардың басшылары әскери және әскери-техникалық өнімдерді сатып алу кезінде бағаны көтеру арқылы 1 миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.