Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Мәйіттің фото-видеосын көрсетейік пе?":Нүкенованың туыстары көпшілікке үндеу жасады

"Мәйіттің фото-видеосын көрсетейік пе?":Нүкенованың туыстары көпшілікке үндеу жасады
Инстаграм
Оңғар Қабден: Марқұмның туыстары Бишімбаевқа ешқандай да кешірім бермеген

Экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің ісіне қатысты марқұмның туыстары желіде жан айқайларын жаздуда. Олардың сөзінше көптеген ақпарат құралдарында күдіктіні ақтап алғысы келетін бағытты ұстанған  ақпараттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Нүкенованың туысы іс тым бұрмаланып жатқанына ашулы. Ол халықтан "Сіздерге марқұмның фото-видеосын көрсетейік пе?" деп сұрады.

Марқұм Салтанаттың туысы желідегі парақшасында көпшіліктен жалған ақпараттарға себеуді сұраған.

"Қазір ақпаратты бұрмалау жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыскерді ақтап алып, істі жеңілдетуге бағыт алған. Козачков-  сатылатын журналист. Ол тура қазір күдікті тараптың айтуы бойынша, бір бағытты беттеген  материалдар жазып отыр. Өтінемін оған сенбеңіздер. Тура қазір біз орны толмас қайғыда қара жамылып отырудың орнына, жылдам қылмысты ашуға кірісуге мәжбүрміз. Өйтпеген жағдайда қылмыскер ақталып, іс бұрмаланып баражатыр",-дейді марқұм Салтанаттың туысы желідегі парақшасында.

Ал Оңғар Қабден болса желіде марқұмның  ағасымен тілдескенін, оқиға көпшілік ойлағаннан да ауыр екенін жазған.

"Қайтыс болған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкеновпен сөйлестім. Бишімбаевтарға ешқандай кешірім берілмеген. Кешірмейміз деді. Не үшін қара жамылған отбасыға экспертизаның қорытындысы берілмей отыр? Әлде туыстары әділдікке жету үшін  марқұмның мәйітінің фото-видеосын жарияласын ба?

Бишімбаев оқиға кезінде  жеңіл ғана  алкоголь (0,65) тұтынған деген не сандырақ? Әлеуметтік желіде Бишімбаевты ақтап жатқандарды көріп жағамды ұстадым. Біз кімдердің ортасында өмір сүріп жатырмыз",-дейп жазған әлеуметтік желідегі парақшасында  Оңғар Қабден.

Заңгер айгүл Орынбек бүкіл құқықтық органды осы істе әділ болуға шақырды.

"ҚР Бас прокуратурасы, Берік Асылов мырза! Тергеу құпиялығы қайда қалды? Оқиға орын алған жердегі мәліметтер алдын-ала неге таралып жатыр?  Салтанаттың моральдық образын қоғамға былғанышты қылып көрсетілуіне неге жол беріп отырсыздар? Ия, өлген адам сөйлемейді, өзін ақтау үшін журналистерге де ақша да төлей алмайды. Сонда Салнаттың туыстары Бишімбаевтың қылмыскер екенін дәлелдеу үшін фото, видео суреттерін жариялау керек пе?

ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу құпиялығын неге бұзып отырсыздар? Заң бар емес пе? Берік Асылов мырза!

Қылмысты тергеп - тексеру барысында заңдылықты сақтамаған, қылмысқа қатысты жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыруға мұрындық болған бүкіл қызметкерлер мен журналисттерге шара көруіңізді сұраймын. Салтанатты қаралауды доғарыңдар! Таңғы сағат 7:00 де ұрып, кешке дейін жасаған қылмысын жасырғысы келген адамға өте ауыр жаза тағайындау керек! Қылмыскер жазасын алсын! Бұл ақтауға келмейтін қылмыс!",-деп жазды заңгер Айгүл Орынбек.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар