Алматы облысындағы аурухана басшылығы 2,1 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Қаражат ұрлаған күдіктілер қамауға алынды
Қаржы мониторингі агенттігі Алматы облысында аурухана басшысы мен есепшісі 2,1 млрд теңгеден аса соманы жымқырғанын жеткізді , деп хабарлайды KYN.KZ.
Агенттіктің хабарлауынша, Алматы облысындағы аурухананы басқарған компанияның басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды көрінеу жалған сатып алған.
“ҚМА аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеу жүргізіп жатыр”,– делінген хабарламада.
Медицина мекемесі 2020 жылдың қазан айында сенімгерлік басқаруға берілген. 2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған. Күдіктілер қамауға алынды.