Продюсер Гүлзира Айдарбекова кенже ұлы Заңғардың тойын өткізді (видео)
Алматы қаласында өткен тойға шоу-бизнес жұлдыздары жиналды
Той беташармен басталды. Жас келіннің бетін айтыскер Жандарбек Бұлғақов ашты, деп хабарлайды KYN.KZ.
Гүлзира Айдарбекова кенже ұлы Заңғар мен келіні Индираның тойына өнердегі әріптестерінен Ерке Есмахан мен Раимды, Лұқпан Жолдасовты, Нұрболат Абдуллин мен Төреғали Төреәліні шақырған.
Сонымен қатар тойға шақырту алған жұлдыздар қатарында Ғани мен Бота, Әділ мен Дана, Мирас пен Құралай, Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева, Шахизада мен Нұржан Қалжан, Әбдіжаппар Әлқожа мен тағы да басқалар бар.
Алайда әнші Ерке Есмахан жұбайымен бұл тойға келе алмаған. Мұның себебін Ерке әлеуметтік желіде көпшілікке бөлісті. "Гүлзира ханым әулетінің тойынан бізді қалдырмайды. Сыйластығымыз берік. Менің жағдайыма байланысты түсінікпен қарады. Жолдасым да басқа қалада", - деп жазды Ерке Есмахан.