Роза Әлқожаның ұлы үйленіп, әнші бас құдағи атанды (видео)
Роза: Ұйқы көрмегеніме бірнеше күн, көңілім босап тұр
Отандық танымал әнші Роза Әлқожаның шаңырағында қуанышты жағдай. Әртістің тұңғышы Бейбарыс Қаба үйге келін әкеп, ата-анасын ата-ене атандырды, деп хабарлайды KYN.KZ.
Роза Әлқожа келін түсірген сәтін Instagram-парақшасында бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады. Өнер иесі жариялаған видеода жас келін жаңа шаңырағының табалдырығын аттап жатқанын көруге болады.
Жұлдызды әулет мүшелері келін келген бойда би билеп, ары қарай тойлауға кіріскен.
"Түрлі-түрлі сезім кешіп, ата-ене атандық, ағайын! Ұйқы қашқанына қанша күн екенін білмеймін?! Қыз берсем қайтерімді, көңілім бос қой менің! Тілектеріңізге мың алғыс", - деп жазды әнші.