Мәдениет
Әнші Ақерке Бүркітбай енесі Роза Рымбаеваның керемет аспаз екенін айтты
- kyn.kz
- 13 қараша, 2023
- 2.0k
Өнер иесі алғаш рет енесі Роза Рымбаева жайлы сыр бөлісті
Әнші "Алғашқы" бағдарласында Халық әртісі Роза Қуанышқызының үйде қандай екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
“Алғаш рет 2018 жылы таныстық. Қорқып, айтатын сөзімді ұмытып, уайымдадым. Ол кісі ерекше жылулықпен, құшағын жайып қарсы алды. Ол кісі керемет аспаз. Үй күтушісі жоқ. Ол кісі әр қонағына тамағын махаббатпен дайындайды. Осындай отбасыға келін болып түскенім менің бақытым деп ойлаймын. Сахнада да, өмірде де өзін қалай ұстауды, қалай жүруді мен сол кісіден үйренемін", - деді Ақерке Бүркітбай.
Айта кетейік, осыған дейін Роза Рымбаева марқұм күйеуі мен алғаш келін боп түскен кезі жайлы сырды бөліскен болатын.