Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қыз зорлады деп күдікке ілінген полиция бастығы бұған дейін бірнеше рет тәртібі үшін жұмыстан босап, сөгіс алған

Қыз зорлады деп күдікке ілінген  полиция бастығы бұған дейін бірнеше рет тәртібі үшін жұмыстан босап, сөгіс алған
Tengrinews
Марат Күштібаев қазір уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

Бүгін Талдықорған қалалық полиция басқармасы басшысы Марат Күштібаев 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ. Жоғары лауазымды полицей қандай іс-әрекетімен ел есінде қалды.

2019 жылдың қыркүйегінде Алматы облысы жергілікті полиция қызметінің сол кездегі басшысы Марат Күштібаевқа қатысты YouTube желісінде жарияланған аудиожазбаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілген болатын. 

Аудиожазбада белгісіз ер адам өз қарамағындағы полиция қызметкерлерін бейәдеп сөздермен ұрысып жатқанын естуге болады. Бұл жанжалдан кейін ол қызметінен босатылған еді. Ал сол жылдың желтоқсанында Алматы облысы Талғар ауданы ПБ басшысының орынбасары қызметін атқарып жүрген Марат Күштібаев Bek Air ұшағы құлаған жерге келіп, қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірген еді. 2023 жылдың тамызында желіде оның қатысуымен көпшілік арасында тағы бір резонанс тудырған аудиожазба пайда болды. 

“Әлеуметтік желіде Талдықорған қалалық ПБ бастығы Марат Күштібаевтың қол астындағы қызметкерлеріне бейәдеп сөз айтқан аудиожазбасы тарап жатыр. Ең қызығы, осыған ұқсас мінез-құлқы үшін Ішкі істер министрі 2019 жылы оны Алматы облысы жергілікті ПБ басшысы қызметінен босатқан еді", - делінген хабарламада. 

Кейін Жетісу облысы полиция департаменті аудиожазбаны тексергенін мәлімдеді. Анықталғандай аудиожазбадағы дыбыс ескі әрі биыл қаңтарда қызметтік тексеріс жүргізілген кезде түсірілген видеоның бір бөлігінен көшірілген. Қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша Марат Күштібаев наурыз айында қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын. 

Еске салайық, бұған дейін Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны туралы жазған едік. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұқсас жаңалықтар