Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің бөлмесін көрсетті
Әнші марқұм күйеуіне жантебірентерлік жазба арнады
Мақпал Жүнісова Instagram желісінде марқұм күйеуіне деген сағынышын жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ.
“Бүгін Зәкеңнің өмірден озған күні,топырағыңыз торқа болсын. 11 қарашада түнгі 11:30-да "Әсет Бейсеуов марқұмның осы әнін рояльда сүйемелдеп айтшы" деп өтінгеніңізде соңғы рет тыңдап отырғаныңызды сезбедім", - деп жазды әнші.
Сонымен қатар өнер иесі өзі үшін қайғылы күнде жақындарының басын қосып, оларға Нұрқаділовтің бөлмесін көрсеткен. "Зәкең отырған орындығы, ойнаған бильярды, жатқан төсегі бәрі қаз-қалпында сақталып тұр. Зәкеннің дүниесін мүлдем қолданып жатқан жоқпыз. Бәрі сол қалпында қалды. Ол кісінің алған барлық заттарын сақтап отырмыз. Осы үйге 2001 жылы кіргенбіз. 2002 жылы Мерейді бауырымызға бастық. Осы үйді Мерейдікі деп атаған. "Мерейді осы үйден ұзатамын" дейтін", - деді Жүнісова.