
Алматы облысындағы ауруханаларды сенімгерлік басқаруға алған кәсіпкер өзіне қарасты медициналық ұйымдармен сыбайласып миллиардтарды қалтаға басыпты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Агенттік келтірген мәлімет бойынша, жымқыру схемасын олар былай жүзеге асырған: жалған құжат жасап, әртүрлі медициналық бұйымдарға тапсырыс береді. Алайда іс жүзінде ешқандай тауар сатып алынбаған. Күдіктілер осылайша 2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2 млрд 100 млн теңгеден астам қаражатты ұрлады деп айыпталуда.
“ ҚМА аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеу жүргізуде. Аталған тұлғаларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды”,-деді Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі.
Өскеменде бір жасар бала сақина жұтып қойған
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025