Қоғам

Өскеменде бір жасар бала сақина жұтып қойған

Сақина тыныс алу жолын жауып, бүлдіршін тұншыға бастаған

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «103» арнасына хабарласқан қала тұрғыны баласының сақина жұтып қойғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Жедел жәрдем қызметкерлері сол жерге жеткенше диспетчер Елдос Әнуарханов телефон арқылы ата-анасына Геймлих маневрін жасауды түсіндіріп, қалай әрекет ету керектігін айтып отырды. Абырой болғанда, 1 жасар бала қайта тыныс ала бастап, аман қалды», - делінген ақпаратта. Ата-анасы диспетчерге алғыс білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.