Қоғам

Екібастұзда әйел өзіне қол көтеріп, бірнеше күн қатарынан ұрған күйеуін 1 айға қаматты

Ол полицияға хабарласып, күйеуінің үйде қару ұстайтынын хабарлаған

Екібазтұзда полицияға қала тұрғыны 1 және 7 қарашада өзіне көптеген дене жарақаттарын келтірген жұбайына шара қолдану туралы өтініш білдірді.

Сондай-ақ ол күйеуінің пәтерде атыс қаруын сақтайтынын хабарлады. Полиция 31 жастағы ер адамға қатысты жұбайына дене жарақатын салғаны үшін 30 тәулік мерзімге қорғау нұсқамасын шығарды және ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады. Әйелге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесін алғаннан кейін материал сотқа жіберіледі. Сонымен қатар жедел қызметкерлер де пәтерде тексеру жүргізді.