Мәдениет

Танымал әнші Айгүл Иманбаева келін түсіріп, ене атанды

Әншінің қуанышты жаңалығын әріптесі Ақбота Керімбекова бөлісті

Ақбота Керімбекова өнер саласындағы әріптестерімен қалай араласатынын айтып берді. Әнші бүгінде достарының саны азайып кеткенін жасырмады, деп хабарлайды KYN.KZ.

Ақбота Керімбекова қазіргі уақытта өнер саласындағы жақын құрбысы Айгүл Иманбаева екенін айтты. Сөзінше, олар бүгінде әпкелі-сіңілідей араласатын болған. "Қыздармен қонаққа барып, араласып тұрамыз. Бірақ, бұрынғыдай емес. Әркімнің өз жұмысы, отбасы бар. Бұрындары күніге бас қосатын едік. Қазір ондай дүние азайып жатыр. Өнердегі жақын араласатын құрбым Айгүл. Ол - менің екінші ұлымның кіндік анасы", - деді ол. 

Оған қоса өнер иесі Айгүл Иманбаеваның отбасында,ы қуанышты жаңалықты айтып қойды. Әнші жақында келін түсіріп, ене атаныпты. 

“Қазір оның отбасында жақсы жаңалықтар орын алып жатыр. Ұлы үйленіп, келін алды. Бірақ, әкесі дүниеден озғаннан кейін халыққа жариялаған жоқ. Бұйыртса, тойлардың бәрі алда. Айгүл сіңілімдей болып кеткен ғой. Екеуіміз бірге оқығанбыз. Ата-аналарымыз да араласты. Содан бері жақын болып кеттік", - деді әнші "Қызықты weekend" бағдарламасында .