Бишімбаевтың ісі бойынша гастро-орталық директоры екі айға қамалды
Әйелінің өліміне күдікті деп танылған Бишімбаев та 2 ай тергеу абақтысына қамалды
Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті хабарлады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Оған қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша (қылмысты жасыру) айып тағылған. Бұдан өзге ақпаратты департамент тергеу мүддесіне байланысты жарияламады.
Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынған еді. Ізінше «экс-министр Қуандық Бишімбаевты Салтанат Нүкенованың туыстары кешірді» деген ақпаратты Салтанаттың ағасы Қайрат Нүкенов жоққа шығарған.