Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Турбо қатерлі ісігі деп аталатын жаңа "қауіпті аурудың" таралуы туралы ақпарат пайда болды

Турбо қатерлі ісігі деп аталатын жаңа "қауіпті аурудың" таралуы туралы ақпарат пайда болды
Интерфакс
Stopfake.kz сайтының журналистері бұл мәліметтің жалған екенін анықтады

Ақпараттың шынайылығын тексеретін сайттың мәліметі бойынша Telegram-да шыққан видеода доктор Уильям Макис "турбо қатерлі ісік" деп атаған жаңа аурудың жастардан анықталуына алаңдаушылық білдіреді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Қысқа уақыт ішінде адам бұл аурудан көз жұмады екен. Фактчекинг жасаған мамандардың сөзінше, біріншіден, "турбо обыр" деген термин медицинада қолданылмайды және бұл аурудың белгілері, себептері мен салдары жоқ. "Турбо қатерлі ісік туралы алғашқы фейктердің тарағанына бір жылдай болды. Канадалық дәрігер Чарльз Хоффе "COVID-19 қарсы вакциналар иммундық жүйеге зиян келтіреді, соның салдарынан өтпелі қатерлі ісік пайда болады" деп мәлімдеді. Мысал ретінде ол өзінің 61 жастағы пациентін келтірген. 

Вакцинациядан кейін бір жыл өткен соң одан өкпе мен омыртқа қатерлі ісігі анықталған. Науқастың бұған дейін ісіктердің бар-жоғына тексерілген-тексерілмегені белгісіз", - делінген жарияланымда.

Stopfake мәліметінше, британдық Колумбияның дәрігерлер мен хирургтар колледжі Хоффені жалған ақпарат таратты деп айыптады. Кейін ол жұмыстан шеттетілді. Хоффе ісін эпидемиолог Харви Риш жалғастырды. Йель Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің эпидемиология профессоры "коронавирусқа қарсы екпе тез өршитін қатерлі ісікке серпін береді" деп мәлімдеді. Дәрігерлер бұл мәлімдемені ақылға қонымсыз деп, дәлелдемелерді талап етті, бірақ ештеңе табылмады. Риш бұған дейін COVID-19-ды гидроксихлорохинмен емдеуге болады деген. Жүргізілген зерттеулер бұл тұжырымды толығымен жоққа шығарды.

"Жақында турбо обыр идеясын канадалық радиолог Уильям Макис насихаттай бастады. 2022 жылы оның сөздерін фактчекерлер жоққа шығарды. Ол 80 дәрігер COVID-19 қарсы егуден қайтыс болды деп айтты. Бұл мәлімдеме жалған деп танылды. Уильям Макистің жастар арасында турбо қатерлі ісік таралып жатқаны туралы ақпаратына АҚШ-тың онкологиялық хирургі Дэвид Горски назар аударады. Уэйн Университеті Медицина мектебінің хирургия профессоры Макистің өзін онколог деп атағанына таң қалды. Ол радиолог, сондай-ақ медициналық лицензиясынан айырылған. Оның барлық мәлімдесі ғылымға қарсы және дәлелсіз", - деп келтірді мамандар.

Сайт келтірген мәлімет бойынша бүгінгі таңда қатерлі ісіктердің баяу дамитыны дәрігерлерге белгілі. Мысалы, сүт безі мен ішектегі қатерлі ісік жасушалары скрининг немесе қабылдау кезінде дәрігерлер байқамайынша 10 жыл бойы өседі. Заманауи технологиялардың арқасында дәрігерлер онкологиялық аурулар туралы көп ақпарат алуда. Қатерлі ісік ДНҚ-ны оқу болашақта ісіктерді ерте анықтауға мүмкіндік береді, яғни көптеген адамның өмірін ұзартады. "Чарльз Хоффе, Харви Риш және Уильям Макис вакцинация қатерлі ісіктердің дамуына түрткі болатынын растайтын зерттеулерді бірге де, бөлек те жүргізбеген. Турбо қатерлі ісік – антиваксерлердің ойдан шығарғаны", - делінген сайтта.

Ұқсас жаңалықтар